Танымал блогер жастарға үндеу жолдады: «Алаяқтарға алданып қалмаңдар!»

 Танымал блогер жастарға үндеу жолдады: «Алаяқтарға алданып қалмаңдар!»
– деп хабарлайды Azatnews.kz Түркістан облысы ПД-не сілтеме жасап.

2,5 миллионнан астам жазылушысы бар танымал блогер Олжас Тұрарұлы (Oljaskhan_) Түркістан облысында өткен «Қаржылық қауіпсіздік күні» атты профилактикалық іс-шараға қатысты. Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп ұйымдастырылған шара аясында ол жастарға маңызды үндеу жасады.

«Интернетте белең алған алаяқтықтан сақ болу – әр азаматтың міндеті. Біз, блогерлер, жастарға бағыт-бағдар беріп, заң мен тәртіпті түсіндіруге атсалысуымыз керек», – деді Олжас Тұрарұлы.

Блогер өз сөзінде заманауи алаяқтық түрлері, олардың белгілері мен алдын алу жолдары туралы ақпарат берудің маңыздылығына тоқталды. Ол жастарды қаржылық қауіпсіздікке бейжай қарамауға, онлайн алаяқтыққа қарсы ақпараттық иммунитет қалыптастыруға шақырды.

Шара барысында полиция қызметкерлері де түрлі алаяқтық схемаларға қатысты деректерді ұсынып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Отправить комментарий