Кентауда жастарға арналған ерекше фестиваль өтті

Кентауда жастарға арналған ерекше фестиваль өтті,-деп хабарлайды Азатнюс тілшісі.

Кентау қаласының 70 жылдығына орай жастарға арналған «Хан Fest» мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Бұл бастаманы қалалық Жастар ресурстық орталығы қолға алып, белсенді жастардың басын қосты.

Фестивальдің басты мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып, оларды салауатты өмір салтына баулу. Сонымен қатар, іс-шара аясында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері көтерілді.

Бағдарлама садақ ату, тирден көздеп ату және ләңгі тебу секілді ұлттық ойын түрлерін қамтыды. Осы арқылы ұйымдастырушылар жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттап, патриоттық рухты оятуды көздеді.

Жарыс нәтижесінде Қаратау командасы жеңімпаз атанып, Eco Unite және Eagles топтары жүлделі орындарға ие болды. Барлық қатысушыларға марапаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Шара соңында домбырамен ән айтылып, достық пен ынтымақтың үлгісі көрінді.

Отправить комментарий