Түркістанда үздік полицейлер марапатталды

 

Қазақстан Полициясы күніне орай Түркістанда салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға облыс басшылығы, ардагерлер мен тәртіп сақшылары жиналды.

Кеш шымылдығы арнайы бейнебаянмен ашылып, мемлекеттік ту көтерілді. Қызмет бабында қаза тапқандардың рухына тағзым етіліп, театрландырылған көрініс ұсынылды.

Алғаш болып облыс әкімі сөз сөйлеп, өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген полицейлерге алғысын білдірді. Бұдан кейін ҰҚК өкілдері мен полиция басшылығы да құттықтауын жеткізді.

Жиын барысында үздік қызметкерлер ІІМ және ПД атынан марапатталып, құрметке бөленді. Алғыс хаттар мен арнайы марапаттар тапсырылды.

Шара соңында полиция қызметкерлері марапаттың маңызын атап өтіп, бұл сенімді ақтауға тырысатындарын айтты. Кеш өнерпаздардың әнімен жалғасып, көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды.

Отправить комментарий