Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды. Жаңа заң бойынша, қосылған құн салығының базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болып бекітілді, деп хабарлайды Azatnews.kz.

Ақорданың мәліметінше, жаңа заң негізінде салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарады, салықтардың саны 20 пайызға азаяды, жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады. Сонымен қатар қосылған құн салығының жаңа базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болады. Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі белгіленді. Сондай-ақ баспа түріндегі кітап шығару, археологиялық жұмыс жүргізу қызметтері ҚҚС-тан босатылады.

«Мерзімді баспа басылымдарды өткізу бойынша 10 пайыз деңгейінде төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі белгіленеді. ҚҚС бойынша міндетті есепке қою үшін айналымның төменгі шегі 10 мың айлық есептік көрсеткішке (40 миллион теңге) дейін төмендетіледі», деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар, пайдаланылу мерзімі 10 жылдан жоғары автомобильдер үшін көлік салығытөмендетілді. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік салықтық шегерімдер 882-ден 5000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Отправить комментарий