ШАРДАРАДА ЖҮГЕРІ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ: 500-ДЕН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ
ШАРДАРАДА ЖҮГЕРІ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ: 500-ДЕН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ
Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі қарқын алып келеді. Шардара индустриалды аймағында салынған «Казкрахмал» ЖШС-нің жүгеріні терең өңдеу зауыты сол жобалардың бірі. Аумағы 35 гектарды құрайтын кәсіпорында жылына 150 мың тонна жүгері өңделеді деп жоспарланған. Зауыт толық іске қосылғанда 500-ден аса жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаның жалпы инвестициясы – 35 млрд теңге.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Шардара ауданына барып, зауыттың құрылыс барысын тексерді. Бұған дейін дәнді дақылдарды сақтау және кептіру қоймасы іске қосылған болатын. Ал биыл крахмал сірнесін өндіру желісі жұмысын бастайды. Кәсіпорын крахмал, глютен, жүгері сірнесі, мальтоза, карамель сірнесі сынды өнімдер шығарады. Өнімдер ішкі нарыққа ғана емес, Қытай, Ресей, Бельгия мен Англияға экспортталады.
Сапар барысында облыс басшысына дайын өнімдер таныстырылып, әкімшілік, қойма, асхана және жатақхана құрылыстары көрсетілді. Нұралхан Көшеров құрылыс жұмыстарын жедел аяқтап, өндірісті толық іске қосуды тапсырды.
Отправить комментарий