ТҮРКІСТАН: СПОРТШЫЛАР «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУҒА ҚЫЗУ ДАЙЫНДАЛУДА

ТҮРКІСТАН: СПОРТШЫЛАР «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУҒА ҚЫЗУ ДАЙЫНДАЛУДА

Түркістан облысының спортшылары биыл қыркүйекте Алматы облысында өтетін VIII республикалық «Ақ бидай – 2025» ауыл спорт ойындарына қатысу үшін дайындықты күшейтті. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды.

Жиында ұлттық спорт түрлері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, дайындық барысы талқыланды. Ертай Алтаев Президенттің ұлттық спортты дамытуға айрықша назар аударып отырғанын ескертіп, Түркістан облысының өткен жетістігін қайталау үшін жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

Түркістан құрамасы 2021 жылы Ақтауда өткен VII ауыл спорт ойындарында 195 ұпай жинап, командалық есепте бас жүлдені жеңіп алған. Биыл да сол биікті ұстап қалу – басты мақсат.

Сонымен бірге, жиында шағын футбол, волейбол, гір көтеру, «Толағай» алыптар сайысы сынды спорт түрлері бойынша облыстық іріктеу турнирлерін өткізу мәселелері көтерілді.

Облыс спортшылары ұлттық мәртебеге ие бұл жарыста тағы да үздіктер қатарынан көрінуге дайын екенін білдірді.

Отправить комментарий