ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Кентау қаласы Полиция бөлімінің және Кентау қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің заңгері Шакиров Бекнурдың ұйымдастыруымен Қарнақ ауылында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде, яғни сағат 22:00-ден кейін көшеде және қоғамдық орындарда заңды өкілінсіз жүру фактілерін болдырмау.
Тексеру тобы ауыл аумағындағы саябақтарды, ойын-сауық орталықтарын, тұрғын үйлердің аулаларын аралап, жастардың түнгі тәртібіне бақылау жүргізді. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдерді анықтау және олармен профилактикалық жұмыс жүргізу де назарда болды.
Рейд барысында ешқандай құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Бұл – ауыл жастары мен ата-аналардың жауапкершілігін, сондай-ақ алдын алу шараларының нәтижесін көрсетеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен жасөспірімдерді зиянды әрекеттерден қорғауға бағытталған.
Полиция өкілдері мен жастар орталығының мамандары рейдтік шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.




Отправить комментарий