Сандық қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік: WhatsApp алаяқтарынан сақ болыңыз!

Цифрлық технологиялар дамыған сайын, интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер де көбейіп барады. Соның ішінде WhatsApp мессенджері арқылы жүргізілетін алаяқтық схемалар қазір қоғамда кең таралған.

Алаяқтар адамдардың сеніміне кіру үшін түрлі тәсілдер қолданады: «оңай әрі жылдам табыс», «жұмысқа орналастыру», «бонус алу» сияқты сылтаулармен байланыс орнатып, жеке мәліметтеріңізді алуға тырысады.

 Нақты мысалдар мен кең таралған тәсілдер:

  • SIM-картаны тіркеуін сұрайды: Бұл арқылы сіздің атыңызға тіркелген нөмір арқылы түрлі заңсыз әрекеттер жасауға жол ашылады.

  • WhatsApp растау кодын талап етеді: Кодты берген сәтте олар сіздің аккаунтыңызды иемденіп, басқа адамдарға да алаяқтық хабарламалар таратады.

  • «Байланыстырылған құрылғылар» функциясы арқылы кіреді: Бұл арқылы сіздің WhatsApp-тағы барлық мәліметіңізге толық қол жеткізеді.

  • Жеке деректерді (ЖСН, банк шоты, фото) сұратады: Бұл мәліметтерді кейін несие рәсімдеуге, фишингке немесе бопсалауға пайдаланады.

  • Есіңізде болсын:

  • SIM-карта, растау кодтары және WhatsApp аккаунтқа кіру құқықтары – ешқашан бөгде адамдарға берілмеуі керек.

  • Қандай да бір «жылдам ақша» немесе «оңай жұмыс» ұсыныстары көбіне – алаяқтардың қулығы.

  • Алаяқтармен байланысқа түсу – өзіңізді де, жақындарыңызды да қауіпке тіреді.

Ата-аналарға маңызды ескерту:

Соңғы уақытта осындай интернет-алаяқтық схемаларына жасөспірімдер жиі алдануда. Себебі оларға желідегі «табыс» уәдесі қызықты әрі сенімді көрінуі мүмкін.

 Сондықтан:

  • Балаларыңызбен интернеттегі қауіптер туралы ашық сөйлесіңіз.

  • Олардың кіммен жазысатынын, неге сеніп жүргенін бақылап отырыңыз.

  • Кез келген күмәнді ұсыныс туралы бірден ата-анасына немесе мұғалімге айтуын үйретіңіз.

 Полиция ескертеді:

  • Егер сізге белгісіз адам WhatsApp арқылы хабарласып, жұмыс, табыс немесе қандай да бір жеке дерек сұраса – мүлде жауап бермеңіз.

  • Мұндай жағдайда жақын жердегі полиция бөліміне немесе 102 нөміріне хабарласып, кеңес алыңыз.

  • Сонымен қатар, мұндай хабарламалар жайлы достарыңыз бен туыстарыңызды да ескертіңіз. Қорытынды:

Цифрлық қауіпсіздік – бұл тек ІТ мамандарының ғана емес, барша азаматтардың ортақ жауапкершілігі. Әсіресе, жастар мен жасөспірімдерге интернеттегі алаяқтықтан қорғану жолдарын үйрету – бүгінгі күннің маңызды міндеті.

Ақпаратты қорғаңыз – өзіңізді қорғайсыз!
Сақтық – сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі.

Отправить комментарий