Алғабас ауылында көкпар кезінде жол талғамайтын көлік аттарды қағып кетті
Алғабас ауылында көкпар кезінде жол талғамайтын көлік аттарды қағып кетті
Қызылорда облысының Алғабас ауылында 1 қараша күні көкпар ойыны кезінде төтенше жағдай болды. Ойын алаңына жол талғамайтын көлік кіріп, бірнеше атты қағып кеткен.
Полицияның мәліметінше, оқиға туралы 102 арнасына ешқандай хабарлама түспеген. Дегенмен тәртіп сақшылары жүргізушіні анықтап, ұстап, оның үстінен бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды.
«Тергеу барысында оқиғаға қатысқан барлық адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Еске саламыз, кез келген спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізер алдында уәкілетті органдарды дер кезінде хабардар ету қажет», — деп хабарлады
Сонымен қатар, аталған көкпарды ұйымдастырған тұлғаға да әкімшілік жауапкершілік жүктелді.




Отправить комментарий