Сайыс алаңында — болашақ полицейлер: Түркістан облысында «Жас сақшы» командалары бақ сынады
AzatNews ақпарат агенттігі
Түркістан облысында «Закон и порядок» қағидатын жүзеге асыру аясында полицейлік бағыттағы «Жас сақшы» сыныптарының арасында ірі спорттық жарыс ұйымдастырылды. Байқауға Түркістан және Кентау қалаларынан, сондай-ақ Сауран, Созақ, Отырар, Ордабасы, Арыс және Бәйдібек аудандарынан келген үздік командалар қатысты.

Іс-шараны Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауржан Зиятаев ашып, жас қатысушыларға сәттілік тілеп, олардың тәртіп пен жауапкершілік жолындағы алғашқы қадамдарына жоғары баға берді. Жарысты қолдауға ішкі істер органдарының Түркістан және Кентау қалаларындағы ардагерлері де келді.

Сайыс үш бағыт бойынша өтті:
— шахмат,
— настольный теннис,
— эстафета.
Жас сақшылар өздерінің дене дайындығын, логикалық ойлау қабілетін және бір команда ретінде жұмыс істеу шеберлігін көрсетті.
Жарыс нәтижелері:
Шахмат:
🥇 I орын – Баккелді (Арыс ауданы)
🥈 II орын – Дінмұхаммед (Ордабасы ауданы)
🥉 III орын – Алсу (Түркістан қаласы)
Настольный теннис:
🥇 I орын – Табылхан (Отырар ауданы)
🥈 II орын – Дамир (Түркістан қаласы)
🥉 III орын – Бексұлтан (Бәйдібек ауданы)
Эстафета:
🥇 I орын – «Заң сақшылары» командасы (Кентау қаласы)
🥈 II орын – «Болашақ» командасы (Бәйдібек ауданы)
🥉 III орын – «Барыс» командасы (Арыс ауданы)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығы атынан алғыс хаттар табысталды.
«Жас сақшы» полицейлік сыныптары — жас буынды тәртіпке, ұстамдылыққа, әділдікке және Отанға қызмет етуге тәрбиелейтін арнайы бағдарлама. Мұндай сайыстар жасөспірімдердің патриоттық рухын көтеріп, болашақ құқық қорғаушылардың алғашқы тәжірибесін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосады.




Отправить комментарий