Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ті қабылдады Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Нұралхан Көшеровті қабылдап, Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған жоспарларын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев

 Түркістан облысының әкімі 

Нұралхан Көшеров

ті қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Нұралхан Көшеровті қабылдап, Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған жоспарларын талқылады.

Кездесу барысында өңір басшысы аймақтың соңғы жылдардағы экономикалық көрсеткіштері мен жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар туралы баяндады. Оның айтуынша, облыстың экономикалық өсімі 113,9 пайызды құраған. Сонымен қатар мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері 1 триллион теңгеге артқан.

Әкімнің мәліметінше, 2025 жылы өңірге жалпы көлемі 1,7 триллион теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде 1,4 триллион теңге жеке инвестиция болса, тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,4 миллиард долларға жеткен.

Өткен жылы облыста жалпы құны 340 миллиард теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып, нәтижесінде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Қазіргі таңда өңірде 21 индустриалдық аймақ жұмыс істейді. Ал Turan арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 315 миллиард теңгені құрайтын 26 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Ауыл шаруашылығы саласында мақта-тоқыма, жүгері және ет өндірісі бағытындағы кластерлер дамып келеді. Бұл жобалар толық іске асқан жағдайда 2027 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі қосымша 479,5 миллиард теңгеге өседі деп жоспарланған.

Сондай-ақ соңғы үш жыл ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есеге қысқарған. Еңбекпен қамту шаралары аясында 148 мың адам жұмысқа тартылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құраған.

Кездесу барысында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын салу, жол инфрақұрылымын дамыту, елді мекендерді газдандыру және тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар да сөз болды.

Жиын қорытындысында Мемлекет басшысы инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен өндірісті дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар халықтың тұрмыс сапасын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Отправить комментарий