Іздестіру жұмыстары: іздеудегі қылмыскерлерді анықтау және із-түзсіз жоғалу фактілері бойынша жағдай

Құқық қорғау органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі – қылмыс жасаған адамдарды іздестіру, олардың жүрген жерін анықтау және сот төрелігінен жалтаруына жол бермеу. Сонымен қатар із-түзсіз жоғалған азаматтарды дер кезінде тауып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де полиция жұмысының басты міндеттерінің бірі болып саналады.

2026 жылдың алғашқы алты айында Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыс жасап, құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүрген азаматтарды анықтау және ұстау бойынша бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша аудандық полиция бөлімінің іздеу есебінде 3 қылмыскер тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 2 адамды құраған болатын. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген азаматтардың бірінің жүрген жері анықталып, заң талаптарына сәйкес ұсталды. Қалған іздеудегі тұлғаларды анықтау және ұстау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін, жедел есептерді және өзге де құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды тиімді пайдаланады. Сонымен қатар өңірлік және республикалық деңгейдегі жедел ақпарат алмасу арқылы іздеудегі тұлғалардың жүрген жерін анықтау бойынша кешенді шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылады.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы маңызды көрсеткіштердің бірі – із-түзсіз жоғалған адамдардың дер кезінде анықталуы. Есепті кезеңде Сауран ауданы аумағында із-түзсіз жоғалған азаматтар бойынша оқиғалар тіркелген жоқ. Сондай-ақ аты-жөні анықталмаған мәйіттердің табылу фактілері де орын алған жоқ. Бұл көрсеткіш өңірдегі жедел ахуалдың тұрақты екенін және профилактикалық жұмыстардың нәтижелілігін көрсетеді.

Полиция қызметкерлері тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, жоғалған адамдар туралы хабарламаларға жедел ден қоюды басты назарда ұстайды. Әрбір өтініш тіркеліп, іздестіру шаралары уақыт оздырмай басталады. Бұл бағыттағы жұмыстарға учаскелік полиция инспекторлары, криминалдық полиция және басқа да қызмет салаларының мамандары бірлесіп қатысады.

Сауран аудандық полиция бөлімі азаматтарды жақын туыстарының немесе таныстарының жоғалғаны туралы ақпаратты жасырмай, уақытылы полицияға хабарлауға шақырады. Хабарламаның дер кезінде берілуі іздестіру жұмыстарының тиімділігін арттырып, адамның аман-есен табылуына мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта да іздестіру бағытындағы жұмыстар заң талаптарына сәйкес жалғасып, қылмыс жасаған тұлғаларды жауапкершіліктен жалтармауына және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

Отправить комментарий