ДЕПУТАТ: СПОРТШЫЛАР БІР ЖЫЛ БОЙЫ ҚЫДЫРАДЫ

Депутат Данияр Қасқарауов олимпиадаға баратын спортшыларды сынға алды. Ол спортқа бөлініп жатқан қаржының орынсыз жұмсалып жатқанын айтып, 180 спорт түріне бөлінетін қаражатқа шектеу қоятын уақыт келгенін айтты.

«Біз алдағы олимпиадада нақты чемпион болатын спортшыны таба алмай отырмыз. Оған қоса, қарап отырсақ, чемпиондарымыз жарты жыл, бір жыл бойы әкімдіктерге, бизнесмендерге кіріп, қыдырып жүреді. Күнде бітпейтін той. Бұл идеология ма? Не нәрсе? Оған да шектеулер керек деп ойлаймын», — деді мәжіліс депутаты.

Отправить комментарий