Абай облысында мал іздеуге шығып жоғалып кеткен бала аман-есен табылды
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бала Аягөз қаласының шегінен табылған.
ТЖД бөлімшелері тұрақты орналасқан жерлеріне қайтқан.
Сондай-ақ оған медициналық көмек қажет болмағаны айтылды.
Мерей Иманғали өзін іздеген адамдардың алдынан шыққан
Ол боранның кесірінен жолды көрмей, адасып қалыпты.
Боран басылғаннан кейін ол өзін іздегендердің шамдарын көріп, сол бағытқа қарай жүре берген. Ақырында тәртіп сақшылары мен жергілікті тұрғындар елді мекеннің шетінде баланы кездестіріпті. Қазір бала ата-анасы тапсырылды. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
«Баланы іздеуге қатысқандардың барлығына алғысымды білдіремін»- деп айтты Абай облысы ПД бастығы Сұлтан Бектөре.
Отправить комментарий