ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ҚЫЗ БІР ЖЫЛДАН БЕРІ ПОЛИЦИЯДАН ЖӘБІРЛЕНГЕНІН ДӘЛЕЛДЕЙ АЛМАЙ ЖҮР

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ҚЫЗ БІР ЖЫЛДАН БЕРІ ПОЛИЦИЯДАН ЖӘБІРЛЕНГЕНІН ДӘЛЕЛДЕЙ АЛМАЙ ЖҮР

2023 жылдың аяғында елімізде ІІМ қызметкерлерінің әйел зорлаған бірнеше оқиға тіркеген.

Үш полиция қызметкері тұтқындалды. Министрлік бұл «жағымсыз, масқара жағдай» деп мәлімдеді. Бірақ күштік құрылым қызметкерлерінің зорлық-зомбылық жасағаны туралы ақпараттың бәрі көпшілікке жария бола бермейді.

Қарағанды облысының тұрғыны Жанна Әсембаева өзін Абай қаласының полиция қызметкері әріптесінің көзінше зорлағанын айтады. Бірақ жәбір көргенін бір жылдан бері дәлелдей алмай жүр.

Оның сөзінше, полицейдің жанындағы куәгер әріптесі де зорламақшы болған, сол әрекетіне қарсылық танытқан қызды ұрып-соққан.

“Azatnews” ақпараттық агенттігі

Отправить комментарий