Денсаулық сақтау министрі қымбат брендтің киімдері мен сөмкесін қаншаға алғанын айтты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің әлеуметтік желіде жариялаған суреттеріндегі Dolce & Gabbana брендінің көйлегі мен қымбат сөмкелеріне қанша ақша жұмсағаны туралы сұраққа жауап берді.

«Брендтердің жанкүйерімін деп айта алмаймын. Менің үлкен гардеробым жоқ. Фотодағы сөмке қарапайым қыздардың да қалтасы көтеретін сөмке, бағасы 250 мың теңге. Ал көйлекті өзімнің мерейтойыма еңбек демалысым үшін алған ақшаға сатып алғанмын. Құны есімде жоқ, 800-900 мың теңгенің арасында», – деді Әлназарова.

Отправить комментарий