Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысты. Ол салтанатты жиынға қатысқан әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.
«8 наурыз – көктем мерекесі. Бұл – сұлулықтың, мейірім мен жылулықтың символына айналған мереке. Біз ер-азамат болып, сіздерді жоғары бағалаймыз, құрметтейміз және жақсы көреміз. Нәзік жандарға деген біздің ықыласымыз, ілтипатымыз әрдайым ерекше. Жалпы, әйелді құрметтей білген қоғамды мәдениетті, өркениетті қоғам деуге болады. Дана халқымыз қашанда анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген. Қыздарын қадірлеп, төріне шығарған. Бұл – ежелден қанымызға сіңген асыл қасиет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Отправить комментарий