Сот отырысында Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді марқұмның соққыға жығылған кезіндегі суретін көрсетті
Ағасының сөзінше, суретті 2023 жылдың наурызында Салтанат Нүкенованың өзі жіберген. Бұл жағдайдан соң Айтбек Амангелді қарындасын алып кетпек болған екен. Алайда марқұм бұған келіспеген.
«Мен оған «Егер соққылар қатты болса, ол (Қуандық Бишімбаев) сені өлтіріп тастайды» дедім. Бірақ Салтанат бұл оның өмірі екенін және кетпейтінін айтты», — деді Айтбек Амангелді.
Отправить комментарий