Салтанат Нүкенованы өлер алдында қылғындырған болуы мүмкін — сарапшы
Сарапшының сөзінше, Нүкенованы қолымен қылғындырған болуы мүмкін. Мұны оның денесіндегі жарақаттар көрсетеді.
«Мәйітті сипаттама бойынша қайта зерттеу кезінде мойын тұсында қалқанша безінің артындағы бұлшықетте қан ұйығаны анықталды. Бұл мойны қылғынғанын көрсетеді. Мұның бәрі механикалық асфиксияны көрсетеді, яғни жарақат алған кездегі гипоксия дерегі расталды», — деді Халимназаров.
Судья «марқұмды қылғындырды деген қорытынды жасауға бола ма және бұл соққыларға дейін немесе одан кейін болды ма?» — деп сұрақты нақтылады.
«Ашығын айтқанда, мұны қылғындыру белгілері көрсетеді», — деді сарапшы.
massaget.kz
Отправить комментарий