Алматы облысында 6 ай комада жатқан сарбаздың анасы әділдік іздейді
Алматы облысында 6 ай комада жатқан сарбаздың анасы әділдік іздейді.Бұл туралы Azatnews.kz тілшісі хабарлайды.
Алматы облысындағы Б.Момышұлы атындағы №5571 әскери бөлімде борышын өтеп жүрген Ербаян Мұхтар 6 айдан бері комада жатыр.Анасы ұлының еденге тайып құлап,басынан соққы алғанына сенбейтінін айтты.
Анасың айтуынша,ұлы Ербаян ауруханада есін жиған сәтте,өзінің жәбір көргендігін білдіріп,басын изеген.Кейіннен дәрігерлер сарбаздың ата-анасының рұқсатынсыз ота жасап,миының жарты бөлігін кесіп,алып тастаған екен.
Сарбаздың ата-анасы мен қорғаушысы тергеудің жүрмей жатқандығын айтып,істің әділ тергелуін талап етіп, қоғам назарына алуын өтінуде.
Бұл жайтты қоғам назарда ұстап,сарбаздың сал болып қалуына кімдер?нелер? себеп болғаны анықталуы керек!Бұл барып тұрған сорақылық, әділетсіздік.Қалайша еденнен құлаған жігіт осыншалықты ауыр халге түсті.Мұнда бір жасырынып қалған ақиқат бар екені айдан анық.Отанын қорғаймын деп әскерге аттанған жігітті отаны қорғай алмағаны ма?Бұл ең алғашқысы да,соңы да емес! Талай қазақтың қара домалақ жігіттерінің сағын сындырып,айуандық танытқа ер емес ездерімізге атазаңымыз қорған бола алмағаны ма?!Неге еліміздегі әскери бөлімдерде дәл осындай түсініксіз дүниелер қайталана береді?
Отправить комментарий