АҚШ үкіметі Қазақстаннан жалға жер алады.

АҚШ үкіметі Алматыда консулдық ғимарат салу үшін Қазақстаннан 70 мың шаршы метрден астам жерді 49 жылға жалға алмақ. 

Бұл келісімді ратификациялау туралы заң жобасын Мәжіліс депутаттары қарайды. Келісімге 2024 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте қол қойылған. 

Құжат Мәжілістің пленарлық отырысында талқыланып, комитет заң жобасы бойынша қорытынды әзірлейді.

Отправить комментарий