Ақтөбе облысында мектеп оқушысы өзіне қол салған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында мектеп оқушысы көз жұмды. Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр.

Шалқар ауданындағы ауыл мектебінің жоғары сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған. Желіде оның буллингтің кесірінен өлімге әкелетін қадамға баруы мүмкін деп жазады.

Шалқар аудандық ішкі істер бөлімі кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Себебі анықталуда, — деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Отправить комментарий