Ақтөбеде автобус жүргізушісі жол ақысын төлемеген оқушыға еден жудырды.
Ақтөбе тұрғыны 27 қаңтарда әлеуметтік желіде баласының үйге кеш қайтқанын айтып, жолақысын төлемегені үшін автобус жүргізушісі оған еден жудырғанын мәлімдеп, көмек сұрады. Осы жағдайдан кейін ол полицияға да шағым түсірген.
Алайда полиция департаменті тексеріс жүргізіп, бұл фактінің расталмағанын жеткізді.
«Ақтөбе облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың анасының өтініші бойынша тексеру жүргізді, онда маршруттық автобус жүргізушісі ұлын жол ақысын төлемегені үшін едендерін жууға мәжбүр етті деп хабарланды. Жүргізілген тексеру барысында аталған факт расталмады», — делінген хабарламада.
Отправить комментарий