Ақтөбедегі тікұшақ апатында қайтыс болған майор Батыр Оразымбетовті жерлеу рәсімі өтті.

Оқу-жаттығу ұшулары кезінде қаза тапқан ұшқышпен қоштасу рәсімі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында өтті.

Еске  салайық, 9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының аумағында тікұшақ қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама түскен. Нәтижесінде бір адам қайтыс болып, екеуі зардап шекті. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр. Науқастар есін біледі, сұрақтарға жауап бере алады.

Отправить комментарий