«Ақылды болма»: Қарағанды әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін жазаланды 

Әдеп жөніндегі комиссия мүшелері Қарағанды қаласы әкімінің әлеуметтік желідегі оқырманына жазған пікіріне қатысты іс материалдарын қарады. Бұған дейін Мейрам Қожықов желідегі оқырманына «ақылды болма» деген пікір қалдырып, сынға қалған еді.  

«Тексеру барысында Қарағанды қаласы әкімінің әрекеті әлеуметтік желілерде азаматтардың сынына себеп болғаны анықталды. Анықталған фактілер бойынша комиссия әкімге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды», – делінген хабарламада.

Отправить комментарий