АЛАЯҚТАРДАН ҚАЛАЙ САҚТАНУ КЕРЕК?

Интернеттегі қауіпсіздік – баршаға ортақ міндет

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы өмірімізді жеңілдетіп қана қоймай, жаңа қауіптерді де бірге алып келді. Әсіресе интернет және мобильді алаяқтық — бүгінгі қоғамда кеңінен таралған қауіп-қатердің бірі.

Алаяқтар телефон шалып, хат жазып, сілтеме жіберіп немесе жалған парақшалар арқылы сенімге кіріп, азаматтардың жеке деректерін, банк картасының мәліметтерін және ақшаларын алдап алуға тырысады.

Бүгінгі видеода не туралы айтылды?

Бұл бейнематериалда біз:

✔️ Ең жиі кездесетін алаяқтық схемаларын;
✔️ Қарапайым адамдар қалай алданып қалып жатқанын нақты өмірлік мысалмен;
✔️ Және ең бастысы — сол қателіктерге ұрынбай, қалай сақтану керектігін қарапайым тілмен түсіндіріп өттік.

Алаяқтықтың кең таралған түрлері

  1. «Банк қызметкеріміз» деп хабарласу
    – Алаяқтар өзін банк немесе құқық қорғау органы қызметкері ретінде таныстырып, картаңыз бұғатталды, шотыңызда күмәнді әрекет бар деп алдайды.

  2. Интернет-дүкен арқылы алданып қалу
    – Төлем жасаған соң тауар келмейді немесе сапасыз жеткізіледі, ал сатушы байланыссыз кетеді.

  3. Бас жүлде ұтып алдыңыз деген жалған хабарлама
    – Ақша ұтып алғаныңызды айтып, сол ақшаны алу үшін комиссия төлеуді сұрайды.

  4. Қаржылық пирамида және инвестициялық жобалар
    – Жоғары табыс уәде етіліп, бастапқы салымды құйғаннан кейін алаяқтар ізін суытады.

  5. Әлеуметтік желі арқылы жеке аккаунттарды бұзу
    – Досыңыздың атынан хат жазып, қарыз сұрайды немесе сілтеме арқылы өтіп, деректеріңізді ұрлайды.

  6. АЛАЯҚТАРДАН ҚОРҒАНУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  1. 🔒 Жеке деректеріңізді ешқашан телефон арқылы айтпаңыз
    – Тіпті адам өзін банк не полиция қызметкері деп таныстырса да, жеке мәліметтерді жарияламаңыз.

  2. 📵 Банк қызметкері болып хабарласқан адамдарға сенбеңіз
    – Ешқандай банк сізге бірінші болып қоңырау шалып, карта деректерін сұрамайды.

  3. 🖱️ Бейтаныс сілтемелер мен файлдарға өтпеңіз
    – Әлеуметтік желіден, SMS арқылы келген күмәнді сілтемелерге ешқашан өтпеңіз, олар вирусты болуы мүмкін.

  4. 📞 Күдік туса, ресми нөмірге өзіңіз хабарласыңыз
    – Хабарласып тұрған нөмірді емес, банктің ресми байланыс орталығына өзіңіз қоңырау шалыңыз.

  5. 👵🧒 Үлкендер мен балаларға түсіндіріңіз
    – Әсіресе үлкен кісілер мен мектеп жасындағы балалар жиі алданып қалады. Оларға осы қауіп туралы ашық айтып, сақ болуға үйретіңіз.

  6. Сіздің тәжірибеңіз — басқалар үшін сабақ

 Бұл видеоны жақындарыңызбен, ата-анаңызбен, достарыңызбен бөлісіңіз.
 Комментарийде сізде немесе таныстарыңызда болған нақты оқиғаны бөліссеңіз, бұл басқа адамдарға сабақ әрі ескерту болады.

Есіңізде болсын!

Алаяқтар өте сенімді сөйлейді, адамның эмоциясына әсер етуге тырысады. Бірақ кез келген жағдайда сабыр сақтап, тексеріп барып әрекет ету қажет.
Ешқашан асығыс шешім қабылдамаңыз!

 Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз:

– Тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз;
Банкіңізге қоңырау шалыңыз, картаңызды бұғаттаңыз;
– Тиісті арыз жазып, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

 Цифрлық қауіпсіздік – бүгінгі заманның талабы

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – тек құқық қорғау органдарының емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі.
Алаяқтардан қорғанудың ең жақсы жолы – ақпараттану, ескерту және сақтық.

Отправить комментарий