Әлеуметтік желідегі жазбаға сәйкес, полиция қызметкері пәтерге келіп, есікті ашқан 2003 жылғы қызға куәлігін көрсеткен, бірнеше сұрақ қойып, кетіп қалған. Біраз уақыттан кейін ол қайтып келіп, қоңырау шалу үшін телефон сұраған, содан кейін қызға шабуыл жасап, зорлық жасаған.
Астана полиция департаменті күдіктінің бұрынғы полиция қызметкері екенін, ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалғанын хабарлады.
«Ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылған. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», — деді ведомство өкілдері.
Жала ма, әлде шын болған оқиға мекен🤔
Отправить комментарий