Алматы әкімдігі қызметкері парамен ұсталып, 6 жылға сотталды

Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Қажин жергілікті кәсіпкерден 19,5 миллион теңге пара алған. Ол ақшаны аула аумақтарын тазалау бойынша мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға жәрдемдесу сылтауымен өзі иемденген.

Ол 6 жылға сотталды. Енді өмір бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Оның 21 миллион теңгеден асатын екі автокөлігі тәркіленіп, мемлекеттік кіріс ретінде алынады.

Отправить комментарий