Алматыда екі жасар бала 105 магнит жұтып қойған
Алматыда хирургтер екі жасар баланың асқазанынан 105 магнит моншақ шығарды.
20 ақпанда Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 2 жас 3 айлық бала бөгде зат жұтуы мүмкін деген күдікпен жеткізілген. Ата-анасының айтуынша, шамамен бір апта бұрын қонаққа барғанда, баласы металл магнитті жұтып қойған болуы мүмкін, бірақ магниттің нақты саны белгісіз еді.
«Ота барысында баланың асқазанынан 105 магнит моншақ алынды. Отадан кейін бала жансақтау бөліміне ауыстырылып, кейін хирургия бөліміне жатқызылды. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық», — деді дәрігерлер.
Мамандар ата-аналарға ойыншық таңдауда мұқият болу керек екенін ескертті.
Отправить комментарий