Алматыда полицейлер ер адамды азаптап, қылмысты мойындатпақ болған

Екі тәртіп сақшысына қатысты үкім шықты.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, 2023 жылы 29 наурызда полицейдің туысының пәтерінде ер адамға қатысты азаптаулар қолданылған.

Осылайша оған бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындатпақ болған.

Тәртіп сақшылары 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ 10 полиция қызметкері, оның ішінде 5 құрылымдық бөлімше басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Отправить комментарий