Қара күш иесі Түркістандық Жалғас
Әлеуметтік желіде тараған бұл бейнежазбадағы, автордың қалай ауыр бөренелерді жалғыз өзі көтеріп, жаттығу жасап жатқанын көзіміз шалды.
Бұл бөренелердің салмағы 140-150 келіні құрайды екен.Ұзақ уақыттан бері ұзын, әрі ауыр бөренелерді көтеруге әуестенген бұл азаматтың, әлеуметтік желідегі жеке парақшасын тауып,сөзге тартып көрдік.
Есімі Жалғас,тегі Наринбаев,әкесінің аты Амирбек.11 Қыркүйек айының 1990 жылы,Түркістан облысы,Ораңғай ауылында дүниеге келген.Ата-анасымен бірге қара шаңырақта тұрады,отбасында 2 әпкесі,1 қарындасы бар.Ағасы өмірден кеткен,Жалғас үйінің үшінші дүние есігін ашқан перзенті,1 ұл мен 2 қыздың әкесі.
Спортпен айналысып жүргеніне шамамен 10 жыл болған,осы аралықта ол-ауыр темірлерді,ұзын бөренелерді,құрылыс заттарын денесін шынықтыру үшін көп көтеруге машықтанған.Автормен тілдесу барысында,оның жалпы күнделікті шұғылданатын сүйікті іс-әрекетінің бірі болып,темір көтеру мен қол күресу екеніндігін аңғардық.Жұмысы жайлы сұрағанымызда:
-Ол өзінің дәл қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын жасайтынын айтты.Болашақ арманы қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан- Қажымұқан Мұңайтпасұлы атасы секілді, қазақтың намысты да, батыл-баласы атану.Балалары мен отбасының асыраушысы әрі қорғаушысы болып,ата анасының үмітін ақтау…
Отправить комментарий