Астанада мас күйінде көлік жүргізген судья ұсталды
- Астана қаласында полицейлер мас жүргізушіні ұстады. Тексеру барысында көлікті мінген адамның судья екені анықталды.
Полиция мәліметінше, Mazda маркалы автокөлік тоқтатылып, жүргізушінің алкогольдік мас күйінде болғаны анықталған.
«Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды, тексеріс жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство өкілдері HALYQSTAN тілшісіне.
Полиция департаменті бұл фактіні растағанымен, көлік тізгінінде болған судьяның аты-жөнін әзірге жария етпеді.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ұсталған адам судья Әсел Досаева болуы мүмкін деген болжам бар.




Отправить комментарий