Астаналық тұрғын «Бишімбаевтың үкімін жеңілдетіп беремін деп алдап,100 млн теңгені иемденіп алғаны анықталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті. Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде параj беруге итермелеу бойынша сараланды. Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, — деп хабарлады Антикор.
Отправить комментарий