Атырау облысында жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік мәселесі өзекті болып отыр.
2020-2024 жылдар аралығында 794 оқушы қыздың жүкті болғаны тіркелген. Ең жоғары көрсеткіш 2021 жылы байқалып, 194 жағдай анықталса, 2024 жылы 127 оқиға тіркелген.
Жалпы, 419 жасөспірім ана тіркеліп, олардың 45-і жүктілігін бастапқы кезеңде тоқтатқан. Дегенмен, мамандар ерте жаста түсік жасатудың денсаулыққа зияны зор екенін ескертеді.
Отправить комментарий