Қазақстанда Selftanu.kz ЛГБТК+ жасөспірімдерге арналған сайт бұғатталды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, сайтқа жүргізілген мониторинг барысында балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты таратуға қатысты заң бұзушылық анықталды.
«Ол мемлекеттік мәдени құндылықтар мен тарихи және дәстүрлі қағидаларымызға қайшы. Балалардың психо-жас ерекшеліктерін ескеріп, ақпараттық қауіпсіздік шараларын орнату негізінде бұғатталған», — делінген хабарламада.
Министрлік аталған сайт заң талаптарын орындап, ескерту орындалған жағдайда интернетке қосылу қайта қалпына келтірілетінін атап өтті.
Бұған дейін, қазақстандықтар Selftanu.kz сайтына наразылықтарын білдіріп, петиция жариялаған еді.
Отправить комментарий