Қазақстанда шенеуніктердің казиноға баруына тыйым салу үшін петиция жарияланды

«Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұловтың айтуынша, бүгінде елімізде мемлекеттік қызметшілердің казиноға баруына және құмар ойын ойнауына тыйым салынбаған.

Аталған петицияда құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығаруды сұрап отырмыз. Қазірдің өзінде бұл норманы заңға енгізуге қарсы шыққандар бар. Депутаттар толық қолдап отыр, алайда үкіметте қарсылық көп. Бұл тек шенеуніктердің казиноға барып ойнауына ғана емес, онлайн казино ойнауға, тіпті бәс тігуіне тыйым салуды көздейді, — дейді Дидар Смағұлов. 

▪️Айта кетейік, қазақстандықтар шенеуніктер мен бюджет қызметкерлерінің құмар ойын ойнауына тыйым салатын петицияға қол қоя алады. Қол қою мерзімі 2024 жылғы 29 қарашада тоқтатылады

Отправить комментарий