Азат пен Исфиджаб арасындағы жаңа жол- халық игілігі үшін жасалған еңбек

Азат шағынауданы мен Исфиджаб тұрғыналабын байланыстыратын жаңа жолдың ашылу рәсімі өтті. Бұл жоба қалалық мәслихат депутаты М. Қалмұратовтың бастамасымен және демеушілігімен жүзеге асырылды.

2022 жылы партия басшылығында жүргенде депутат осы аймаққа сапарлап, жергілікті тұрғындардың мәселесін тыңдаған болатын. Азаматтар жақын орналасқан Сайрамдағы поликлиникаға жету үшін 10 шақырым айналып баруға мәжбүр екендерін айтып, жол салу қажеттігін жеткізді. Осыған орай, жергілікті белсенділермен және ауыл билерімен келіссөз жүргізіліп, 40 метр ұзындық пен 8 метр ені бар жеке учаске сатып алынды. Жұмыс барысында 250 камаз тас төселіп, құбырлар орнатылды. Бұзылған шлакоблоктар жол салуға бейімделді.

Бұл жобаның алғашқы кезеңінде жергілікті би (марқұм) Бәкір ағамыздың және «AMANAT» партиясының белсендісі Әлия ханымның еңбегі зор болды. Кейін М. Қалмұратов осы округтен депутат болып сайланып, жұмысты жалғастырды. 2023 жылдың жазында жолға асфальт төселіп, көліктер қауіпсіз жүретіндей тіреуіштер орнатылды.

Бүгінде бұл жол мен көпір тұрғындардың игілігі үшін қызмет етуде: автокөліктер мен маршруттық автобустар еркін қатынап, халықтың өмір сүру сапасы артты. Ашылу салтанатында ақсақалдар мен аналар алғыстарын білдіріп, игі бата жасады.

«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Шымқаламыз гүлденіп, Қазақ елі өркендей берсін!» – деді депутат М. Қалмұратов өз сөзінде.

Previous post

Арыс қаласының әкімі болып Қайсар Маңқараев тағайындалды. Ол бұрын түрлі мемлекеттік қызметтерде еңбек еткен, 16 жылдық тәжірибесі бар маман.Бұл туралы Azatnews.kz тілшісі хабарлайды.

Next post

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова өз қызметімен қоштасып, төрт жыл бойы атқарған еңбектері мен жетістіктерін қорытындылады,деп хабарлайды Azatnews.kz тілшісі.

Отправить комментарий