Бұл жылы Түркістан облысында 120 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылмақ. Олардың 60%-ы тұрақты жұмыс орындары болып табылады. Жұмыс орындарын құру «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» және Мемлекет басшысының тапсырмалары негізінде жүзеге асырылатын «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіледі. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров осы мәселеге қатысты мәжіліс өткізді, онда «Жаңа жұмыс орындарын құру және халықты жұмыспен қамту» туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баяндама жасады.
Облыс әкімі жұмыспен қамту басты міндет екенін атап, белгіленген индикаторларды уақытында орындауды тапсырды. Сонымен қатар, барлық аудан мен қалада ашылатын «Отбасын қолдау орталықтарының» жұмысын реттеу қажеттігіне тоқталды. Бұл орталықтар отбасында қиындық көрген азаматтарға психологиялық, құқықтық және кеңес беру қызметтерін ұсынатын болады.
Нұралхан Көшеров аудан және қала әкімдеріне Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау үшін тез арада нақты шаралар қабылдауды және орталықтардың ашылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Тұрақты жұмыс орындарын көбейтіп, қосымша инвестициялар тартып, 2021-2025 жылдарға арналған Даму жоспарын жүзеге асыруға барынша назар аудару керек.
Тұрғындарды әділ жалақымен тұрақты жұмыспен қамту – мемлекеттің басты саясаты. Осы бағытта білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалардағы жаңадан салынған нысандарда жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Отправить комментарий