Белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков өмірден өтті

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабеков 82 жастан асқан шағында дүниеден өтті. 

«Қазақтың қайталанбас қаламгері Дулат ағамыздың қазасына орай күллі қазақ еліне қайғыра көңіл айтамын. Ұлттық әдебиетіміздің ұжданы, мақтанышы, айбары болған Дулат Исабеков қазақ прозасы мен драматургиясының көкжиегін кеңейткен, әдебиет әлемінде өзіндік өрнек салған біртуар қаламгер еді. Оның шығармалары талай буынның санасына ой салып, жүрегіне жол тауып, ұлт руханиятының қазынасына айналды», – деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. 

Дулат Исабеков — «Дермене», «Сүйекші», «Перi мен Перiште», «Гаухартас», «Өкпек жолаушы», «Бiз соғысты көрген жоқпыз», сияқты қазақ оқырманына кеңінен таныс шығармалардың авторы. Оның шығармалары негізінде көптеген фильм жарыққа шығып, пьесалар сахналанды.

Отправить комментарий