Білім мен тәрбие тоғысқан табысты мектеп
Шардара ауданы білім бөліміне қарасты М. Горький атындағы КММ директоры Бауыржан Биташевтің арнайы сұхбаты барысында мектептің жетістіктерімен кеңінен танысуға мүмкіндік туды.
Сұхбат кезінде мектеп ұжымы соңғы жылдары білім сапасын арттыру, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келе жатқаны айтылды. Білім ордасы түрлі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар мен спорттық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, аудан абыройын асқақтатып келеді.

Бауыржан Биташевтің айтуынша, бұл жетістіктер – білікті педагогтар ұжымының тынымсыз еңбегі мен жаңашыл басқару тәсілдерінің нәтижесі. Мектепте заманауи білім беру әдістері кеңінен қолданылып, оқушыларға қолайлы, қауіпсіз әрі сапалы білім ортасы қалыптастырылған.

Мектептің жетістіктерімен таныса отырып, мұнда білім мен тәрбие қатар беріліп, болашаққа сенімді қадам жасайтын ұрпақ тәрбиеленіп жатқанын байқадық. Осындай іскер басшы мен кәсіби ұжымның еңбегі алдағы уақытта да толағай табыстарға жетелейді деген сенімдеміз.





Отправить комментарий