Бірінші және екінші АЭС құрылысы бір уақытта жүруі мүмкін
Энергетика министрі мұндай ойды жоққа шығармады.
Айтуынша, алдағы уақытта энергия тапшылығы болады деген болжам бар.
«Сондықтан екі АЭС-ты қатар салуға болады деп ойлаймын. Оған қажетті ресурстарымыз бар. Құрылыс екі бөлек алаңда жүргізіледі. Жалпы, ондай сценарий іске асуы мүмкін», — деді ол.
Айта кетері, бүгін президент екінші АЭС-тың орнын анықтауды тапсырды.
Отправить комментарий