Босатылуына 3 ай қалған: Қарағанды облысындағы колониядан тұтқын қашып кетті

Қызметтік тергеу басталды. Ол бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден жалтарғаны үшін қашқынға қатысты қозғалған қылмыстық іспен қатар жүргізіліп жатыр.

Төтенше жағдай туғызған лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылады. Ал кейбіреулеріне салғырттық танытқаны үшін қылмыстық іс қозғалған.

Аты-жөні — Ошанаев Жандос, 1992 жылы туған. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1, 2, 3-тармақтары бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Қарағанды қаласында тіркелген. Туыстары Теміртауда тұрады.

Отправить комментарий