БРИКС доллардан бас тартса, Трамп салықты еселемек

БРИКС доллардан бас тартса, Трамп салықты еселемек,деп хабарлайды Azatnews.kz тілшісі.

АҚШ-тың жаңа президенті ұйымға мүше мемлекеттерді 100 пайыздық салықпен қорқытып отыр. Егер бұл жүзеге асса, Америкаға импортталатын тауарлардың бағасы едәуір қымбаттайтыны анық.

Дональд Трамп халықаралық саудада доллардан бас тартуды көздеген елдерге қарсы қатаң шаралар қабылдайтынын ашық мәлімдеді.

Айта кетсек, бұған дейін БРИКС елдері доллардан тәуелділікті азайту мәселесін бірнеше рет талқылаған болатын. Өткен жылы Бразилия президенті ортақ валюта енгізу арқылы долларға тәуелділікті төмендету туралы ұсыныс жасаған еді.

Отправить комментарий