ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, жауапты сала басшылары және құзырлы органдармен бірге оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.
Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және білім салаларына қатысты мәселелерді ортаға салды. Аймақ басшысы көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
– Облысты дамытуда жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлері маңызды. Көтеріліп жатқан мәселелер орынды. Кәсіп бастап, жаңа жұмыс орындарын құрамын деген азаматтарға әкімдік тарапынан заң шеңберінде қолдау көрсетіледі, – деді Дархан Сатыбалды.
Созақ, Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам, Шардара аудандарынан келген тұрғындар және Түркістан қаласының тұрғындары жылыжай салу үшін жер қарастыруға, кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген несие, балық шаруашылығымен айналысу үшін субсидия және қайтарымсыз грант алуға, жер телімінің мақсатын ауыстыруға ықпал етуді сұрады. Сонымен қатар жеке қабылдауда суармалы жер, ағын су, тұрғын үй алу және жұмысқа орналасу туралы мәселелер көтеріліп, фильм түсіру бойынша ұсыныстар айтылды.
Дархан Сатыбалды жауапты тұлғаларға әрбір мәселені жіті зерделеп, заң аясында жұмыс жүргізуді тапсырды. Бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты.
Айта кетейік, облыс әкімі мен орынбасарлары белгіленген кестеге сәйкес облыс тұрғындарына жеке қабылдаулар өткізіп келеді.
Отправить комментарий