Экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты жаңа қызметке тағайындады, деп хабарлайды Azatnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 8 маусымда Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді.

Отправить комментарий