Елімізде ем алушыларға дәрігердің қатесі үшін өтемақы алуына болатын жаңа заң күшіне енді
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның нормалары күшіне енді.
Сақтандыру төлемдері дәрігерлердің байқаусызда жасалған кәсіби қателіктерінен зардап шеккен науқастарға төленеді.
“Заңмен сақтандыру төлемдерінің ең аз сомалары белгіленген, олар науқасқа үшінші, екінші және бірінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда — 500, 600, 800 АЕК құрайды, тиісінше мүгедектігі бар бала – 500 АЕК, өлімге әкелген зиян келтірілгені үшін – 3 000 АЕК, мүгедектік белгіленбей науқастың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін – 300 АЕК-тен аспайтын сақтандыру төлемдері төленетін болады”, – делінген хабарламада.
Отправить комментарий