Еліміздің бірнеше өңірінде діни радикалдарды ұстау операциясы өтті  

Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында терроризмді насихаттады деген күдікпен 3 адам ұсталды.

Олардың екеуі бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі қылмыстары үшін сотталған.

«Үшіншісі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған. Сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған», — делінген ҰҚК хабарламасында.

Отправить комментарий