Енді қазақстандықтарды балағаттағаны және түкіргені үшін сыпыруға міндейтті
Сенат депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне енгізілген түзетулерді екі оқылымда қарап, мақұлдады.
Қоғамдық орындарды ластау, мүлікті бүлдіру және қоғамға құрметсіздік танытатын басқа да әрекеттер жасаған азаматтар үшін көшелерді сыпыру жазасы қолданылады.
Бұған дейін елімізде кешкі сағат оннан кейін елдің мазасын алып, тыныштықты бұзғаны үшін салынатын айыппұл 20 мың теңгеге жуықтайтыны хабарланды. Сондай-ақ қоғамдық орында түкірген немесе белгіленбеген жерге қоқыс тастап, құқық бұзған адам да осы 19 мың теңгені төлейді. Ал мұғалімді не дәрігерді балағаттағандар 39 000 теңге айыппұл арқалайды.
Отправить комментарий