Ескі үлгідегі 5 000 теңгелік банкноталар 2025 жылдың күзіне дейін ғана айналымда болады
Ұлттық банк мәліметінше, 2011 жылғы үлгідегі 5 000 теңгелік банкноталардың 2023 жылғы өзгертілген дизайндағы 5 000 теңгелік банкноталармен айналымда қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін.
“Айналымда қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін барлық банк пен Қазпошта бөлімшелерінде 3 жыл ішінде, ал ұлттық банк филиалдары ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға мерзімсіз айырбастайды”, — делінген хабарламада.
Отправить комментарий