FlyArystan бортында жолаушының рюкзагы өртеніп, ұшақ портқа қайта қонды

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 23 ақпанда болған.

«Астана – Ақтау бағыты бойынша FS 7375 рейсін орындау кезінде ұшақтың жоғарғы багаж бөлігінде жолаушының рюкзагы өртенді. Өртті авиакомпанияның борт серіктері тез сөндірді. Бортта 182 жолаушы болған. Ұшақ ұшу пунктіне оралды», – делінген хабарламада. 

Кейін бұл рейс сағат 17.10-ға ауыстырылды.

“Барлық жолаушылар тегін қайта брондауға немесе ақшаны қайтаруға құқылы”, – деп атап өтті компания.

Отправить комментарий